Жаңалықтар

Алатаудан жеткен абаданның үлесі

Қарағандылық аралас жекпе-жек шебері Данияр ҚОЙШЫБЕК Қырғызстанда өткен «Eagle Fighting Championship» жарысында жеңімпаз атанды. Жерлесіміздің бұл промоушендағы екінші жеңісі. Аталған сайысқа дейін Даниярдың еншісінде 6 жеңіс бар еді. Қырғызстандық Мықтыбек ОСКОНБАЕВПЕН өткен кездесуінде кезекті жеңісін қанжығалады.

Раундтың алғашқы сәтінде-ақ қазақстандық файтер тік тұрып айқасқанда, қарсыласынан басым көрінді. Жекпе-жекті жерде жалғастырмақ болған Мықтыбектің әрекеті Даниярға жеңісті бір табан жақындата түсті. Екінші және үшінші раундтарда Данияр қарсыласын партерде біраз шаршатты. Соңғы сәтте қылқындыру әдісімен отандасымыз жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Осылайша, 27 жасар Arlan MMA Pro Team жауынгері Данияр Eagle FC 38 турнирінің төрешілерінің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша айқын басымдық танытып, елге жеңіспен оралды. Оның рекорды жетінші жеңісімен толықты. Еске сала кетейік, Даниярға дейін дәл осы байқауда бақ сынаған қазақстандық Алжапар Абаев та 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button