Қаланың «Құрметті азаматы» атағы берілді
Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері Қайрат Кемаловқа «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Марапатты Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов табыс етті.
– Көптеген сәтті рөлдер, Құрмет грамоталары, медальдар, мәдениет пен өнер саласындағы төсбелгілер, ең бастысы көрерменнің сүйіспеншілігі – мұның барлығы Қайрат Кемалұлының еңбегі. Құрметті, Қайрат Кемалұлы сізге зор денсаулық, жаңа қойылымдар, жарқын премьералар, қызықты гастрольдер мен көрермендердің ыстық ықыласына бөлене беруіңізді тілеймін! – деді қала әкімі.
Айта кетейік, театр-кино өнерінің майталманы Қайрат Кемалов қалың көрерменге «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей хан рөлімен танымал.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz