Бас тақырып
Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
Үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «WTT Youth Contender Tashkent 2025» халықаралық турнирінде жерлесіміз Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, аралас жұптар арасында Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова, (19 жасқа дейін), 11 жасқа дейінгілер арасында Аделя Алжанова алтыннан алқа тақса, күміс жүлдеге Назерке Болатбек қол жеткізді.
Қола жүлде Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетоваға (13 жасқа дейін) бұйырды.
Осылайша байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншіледі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.