Бас тақырыпЖаңалықтар
Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
Тунисте өткен WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирінде жерлесіміз Алан Құрманғалиев қола медаль жеңіп алды.

Азия, Африка, Еуропаның 20 елінен келген 19 жасқа дейінгі жас санатындағы шағын ракетка шеберлері бақ сынаған дүбірлі додада ол алдымен итальяндық Данило Фасоны 3:0 есебімен жеңсе, кейін Польша, Чехия және Бельгиядан келген қарсыластарынан басым түсті. Алайда, жартылай финалда Румыниядан келген Юлиан Чиритадан 0:3 есебімен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.