Бас тақырыпСпорт
Алан Құрманғалиев Дохада өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде екі мәрте жүлдегер атанды.

Жекелей сында қазақстандық спортшы бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол командалық жарыстарда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған үндістандық Абхинандх Прадхивадхиге жол берді. Нәтижесінде Алан турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Алан жұптық сында да жүлдеге қол жеткізді. Бұл жарыста ол Литва өкілі Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсетіп, үшінші орын алды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



