Алан қарсылас шақ келтірмеді
Португалияның Вила-Реал қаласында өткен «WTT Youth Contender» турнирінде 16 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев 17 жасар спортшылар арасында чемпион атанды, 19 жасар спортшылар арасындағы бәсекеде алтын медаль жеңіп алды.
17 жасқа дейінгілер арасында Алан Франческа Каррераны (Испания), Хуан Рамиресті (Колумбия), Ной Вительді (Франция), Энрике Риосты (Пуэрто-Рико), Мартин Сипті (Чехия), Даниэль Берзосаны (Испания), Драгош Бужораны (Румыния) жеңді.
Катарда өткен Азия іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша биылғы басты жарыстардың финалдық бөлігіне жолдама алған қазақстандықтар: ерлер арасындағы жұптық разрядта – Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев (Қарағанды), аралас разрядта – Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Герасименко жеке жарыстарға да қатысады. Естеріңізге сала кетейік, Катарда қазақстандықтар Қытайдан, Жапониядан, Кореядан, Ираннан, Үндістаннан, Гонконгтан, Сингапурдан келген әлемнің ең мықты теннисшілерімен жарысып, бәсекелестік күресте лицензиялар жеңіп ала білді.