Алан – абсолютті чемпион
Павлодарда үстел теннисінен республикалық VI Жастар спорт ойындары өтті. Аталған бәсекеде Қарағанды облысының командасы командалық есепте жүлделі ІІІ орынға ие болды. Одан бөлек, жерлесіміз Алан Құрманғалиев үш алтын және қола жүлде жеңіп алып, турнирдің абсолютті чемпионы атанды.
Айта кетейік, жерлесіміз жекелей, жұптық және аралас разрядта сынға түсініп, үш бірдей алтын алған болатын. Турнир соңында жалпы командалық есепте Қарағанды құрамасы жүлделі ІІІ орын иеленіп, Аланның қоржынына тағы бір медаль, яғни, қола жүлде түскен. Осылайша, ол турнирдің абсолютті чемпионы атанды.
Команданың жеңісі тек жеке жетістік емес, облыстағы спорт мектебінің жүйелі жұмысының нәтижесі. Ал, Аланның жеңісі – ел спорты үшін зор үміт.
Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»