Қаламгерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков жəне Смағұл Елубаев қатысты.
Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сəттілік тіледі, сондай-ақ, оларға ел тəуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Əңгіме барысында ел өмірінің мəдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мəселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын əліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон сая саты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мəселелер қамтылды.
Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды.
Тəуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мəселелері талқыланды. Мəселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мəдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мəдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ, əлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы əңгімеге арқау болды.
Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.
Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақ стан- дықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.
(«Егемен Қазақстан» газетінен).