Бас тақырып

Қаламгер – құрмет құшағында

Облыстық “Ortalyq Qazaqstan” газетінің ардагері, қарымды қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі Серік Сексенов 75 жасқа толды. Жастық қайратын халыққа қызмет ету жолына бағыштаған қаламгерді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей арнайы қабылдап, құттықтады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

  Мерейтой иесін Қазақстанның Құрметті журналисі Аман Жанғожин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Сүйіндік Жанысбай және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, “Saryarqa Aqparat” ЖШС директоры Қайрат Әбілда құттықтап, қаламгердің шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салды. Шараға Серік Сексеновтың аяулы жары Ғалияш апамыз да қатысты.

Әлібек Әлденей аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың құттықтауын жеткізіп, сый-сияпатын табыстады.

Құттықтау хатында «Құрметті Серік Сексенұлы, Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз 40 жылдан астам уақыт журналистика саласында еңбек еткен қадірлі қаламгерсіз. Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, қаламыңыздан ойлы мақалалар, очерктер, репортаждар туды. Өңірдегі өткір мәселелерді көтеріп, солардың оңынан шешілуіне қаламгерлік үлесіңізді қостыңыз. Редакцияда кәсіби журналист болып, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқардыңыз. Сіздің тәрбиеңізді көрген бірталай шәкірт осы салаға елеулі үлес қосып, еңбек етіп жүр», – делінген.

Толығырақ газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Ерік НАРЫН

Басқа материалдар

Back to top button