Ресми

Қалам құдіретіндегі аманат

Астанадан Ақжолтай хабар жетті. Жерлесіміз ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қойлыбай Асан «Amanat» партиясы жариялаған журналистер арасындағы «Amanat» Медиа сыйлығы – 2023» республикалық байқауының «Еңбек адамы туралы үздік материал» аталымында жеңімпаз атанды.

Еліміздегі БАҚ қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған беделді іс-шаралардың бірі – «Amanat» Медиа сыйлығы» осымен қатарынан 14 рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында конкурсты өткізу тәртібі мен ережесі айтарлықтай жетілдіріліп, аталымдар мен арнайы сыйлықтар қатары толықты. Отандық медиа салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам адам байқау жеңімпазы атанып үлгерді. Биыл байқауға 300- ден аса адамнан 2 мың жұмыс келіп түскен. Оның басым көпшілігін аймақтағы ақпарат саласының өкілдері жолдады.

Салтанатты рәсімді ашқан «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Ал, Қойлыбай Асан осы тақырыпта 30 жылдан астам уақыттан бері қалам тербеп келе жатқанын айтады.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button