Ресми

Қалааралық №165 автобус маршруты өзгерді

Бұдан былай Қарағанды қалааралық №165 қоғамдық көлігінің маршрут кестесі өзгерді. Сонымен қатар, аялдама тізіміне де біршама өзгерістер енгізілді.

Сурет: inkaraganda.kz сайтынан

№165 бағыт бойынша қатынайтын автобустың жүру кестесін әрі аялдамалар тізімін «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бекітті. Демалыс күндерін қоса алғанда автобустардың жүру кестесіне де өзгеріс енді. Бұдан былай кестеге сәйкес, автобус 6:00-де жолға шығып, 21:00-де тоқтайды.

Ал, аялдамалардың жаңартылған тізімі төмендегідей:

Қарағанды автовокзалы – 45 орам аялдамасы – ЦУМ – Мәдениет үйі – Чкалов көшесі – Медициналық колледж – Монша – Емхана – Құрылысшылар көшесі – ДСК – Дачалар 1 – Дачалар 2 – Сабурханская КОФ – Кузембаев шахтасы – Көмір басқармасы – Саран шахтатасы – Плановая көшесі – Энергоуголь – Рабо – Ескі автовокзал – Автоград – 28 квартал – Проспект – Саран автовокзалы – Обелиск – Рахат дүкені – Хуторок дүкені – Аурухана – Химик – Шина зауыты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button