Теміртау қаласында әр салада табысты еңбек етіп,қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген қыз-келіншектерге жыл сайын қала әкімінің “Өрлеу” сыйлығы беріліп келеді.
Бұл жолы ол қалалық әкімдік пен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Теміртау қаласы құрылуының 80 жылдық мерейтойына орай өтіп,оны алу үшін байқау жарияланған болатын.
Байқауға наурыз айында 30-дан астам өтінім келіп түсіп,солардың арасынан комиссия “Мемлекеттік басқару”,”Бизнес”,Денсаулық сақтау”,Білім беру” ,”Спорт”,”Мәдениет” ,”Қоғамдық ұйымдар”,”Жұмысшы мамандығы иесі” сияқты аталымдар бойынша жеңімпаз деп танылған 8 адамды анықтады.Олардың қатарында Қарағанды индустриалдық университетінің Энергетика кафедрасының меңгерушісі Сәуле Қамарова,”Облыстық психикалық орталығы” КМК диспансерлік бөлімшесінің медбикесі Айткүл Нұрғалиева,”Теміртау қаласының қала құрылысы және архитектура бөлімі” ММ сектор меңгерушісі Наталья Ерохина,”Мәдени,демалыс бақтары және гүлзарлар басқармасы” КМҚК құрылымының меңгерушісі Ботакөз Тәшенова,”Менің үйім” халыққа әлеуметтік көмек көрсету және даму орталығы” ҚБ төрағасы Ирина Жданова,”Теміртау-авто” көлік құралдарын жүргізу жөніндегі директоры Вера Антонова,”Теміртау қаласының ескек есу спорты жөніндегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі”КММ басшысы Сағат Әбдірахманова,”ТЭМК” АҚ токарлық бөлімшесінің термисі Наталья Каменская бар.
Қалалық қысқы бақта өткен марапаттау сәтінде Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов байқау жеңімпаздарына қала әкімінің “Өрлеу” сыйлығының дипломы мен 200 мың теңге ақша табыс етіп,олардың құрметіне дастарқан жайылды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан
.