Жаңалықтар
Қала көркі – саябақ
«Таза Қазақстан» республикалық акциясын аясында Приозерск қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты.
Белсенділердің қатарында мекеме қызметкерлері, еріктілер мен қала жастары бар. Олар сенбілік барысында қаладағы саябақтарды қоқыстан тазартты. Көл жағалауындағы қоқыстарды шығарып, әктеу жұмыстарын жүргізді.
– Саябақ – қала көркі. Бұл жерде тұрғындар тек отырп қана кетпейді. Табиғат аясында бой сергітіп, демалатын орын. Сондықтан, саябақтың тазалығын басты назарда ұстауымыз қажет, – деді сенбілікке қатысушылар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео ұйымдастырушылардан
Ortalyq.kz