АймақБалқаш

Алаңдарды жаңғырту жалғасады

Жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуде, бұқаралық спортты дамытуда, ең бастысы қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт алаңдарының маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, Балқаш қаласы әкімдігі аулалардағы спорт алаңдарын жаңартып, жөндеуден өткізуде.

Суретті түсірген автор

Осыған дейін тұрғындар тарапынан бірнеше мекенжайдағы спорт алаңдарының тозығы жеткендігі туралы айтылған болатын. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмаған қала әкімі Сапар Сатаев қыркүйек айында алаңдарды жаңартуға тапсырма берді. Оның 23-і Балқаш қалалық спорт клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорынның балансына берілген. Қазан айынан басталған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда 4 алаң жаңғыртылды. Сондай спорт алаңының бірі Мұхамеджанов шағын ауданы №5 үйдің ауласында орналасқан. Жұмыстардың жоспар бойынша жүзеге асырылып жатқандығын жауапты мамандар мәлімдеді.

– Қыркүйек айында осы алаңдарды жөндеуге бағытталған конкурстық іс-шара жүргізілген еді. Конкурс нәтижесінде «Elite Home» құрылыс компаниясы жеңіп, қазан айында жұмыстарын бастап, қазіргі таңда аяқтап отыр. Реконструкциялау негізінде осы 4 алаңға сапалы жұмыстар жүргізілген болатын. Алдағы уақытта төзімді қоршаулар жасалады, – дейді Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт секторының меңгерушісі Дәлелбек Мұхтарұлы.

Айта кетейік, биыл тозығы жеткен 12 ықшам ауданы, Сәбитова көшесі, 16-үй алаңын, Мұхамеджанов көшесі 5 және 19 тұрғын үй алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, келер жылға 7 алаңға жаңғырту жұмыстары жасалмақ.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button