Алғыстың үлкені – аналарға
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шара басталысымен облыс әкімінің атынан концертке жиналған барлық нәзік жандыларға салтанатты түрде гүл шоқтары табысталды.
– Ана – өмірдің гүлі. Отбасының алтын қазығы. Сондықтан, сіздер үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қазақта «Жұмақ ананың табанының астында» дейген сөз бар. көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, жарқырап жүре беріңіздер. Біз сіздерді құрметтейміз. Бағалаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Концертті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин жүргізді. Сонымен қатар, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері, Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері, «Шолпан», «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбльі өнер көрсетті. Әсел Карабаеваның балалар вокалдық тобы, «Astana musical» Мемлекеттік театрының актрисасы Камилла Оспан және “Қазақстан дауысы” балалар мега жобасының финалисті, “Алашстар” халықаралық байқауының Гран-при иегері Әнуар Берік әннен шашу шашты. Сонымен қатар, Қазақстан эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Айша да мерекемен құттықтап, ән шырқады.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz