АймақБұқар жырау

Алғыс айту күнін атап өтті

Ғ.Мұстафин кенті көпшілік кітапханасының коворкинг залында «Алғысымыз шексіз…» деген тақырыпта 1 наурыз Алғыс айту күніне орай  білім беру ісі, медицина, полиция, өрт сөндіру қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды акция өтті.

Кітапхана меңгерушісі Гауһар Сүлейменова 1 наурыз  көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келетінін айтып, бұл мерекенің тарихына тоқталды.

 Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын айтып, «жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі», деп жұмысшы мамандарын да құттықтап өтті.

Мерекелік іс-шараға учаскелік полиция майоры Тілектес Маханов, өрт сөндіру бөлімінің бастығы Алексей Кудрин, дәрігерлер Айгүл Наурызбаева, Сәуле Ақшолақова, ұстаздар Мадияр Ахмедиянов, Думан Ерденов, Тоқтар Сейілхан қатысты.

 Шақырылған қонақтар мамандықтарының ыстық-суығымен таныстыра отырып, жеке-жеке тоқталды.

Мұнымен қоса, Сейтқұл Жұмановтың «Полиция сендерге мың рахмет!»,  ақын Марфуға Айтқожинаның ақ халатты жандарға арнаған өлеңінен үзінді, Жібек Ысқақованың «Ақ халатты абзал жандар!» атты өлеңін,  Алмат Ержановтің «Күресіп, тілсіз жауды құрықтаған» деп басталатын өлеңін және А. Настасьвнованың «Работа пожарных очень опасна» деген өлеңін өрт сөндіру қызметкерлеріне,  Фариза Оңғарсынованың «Ұстазым» атты өлеңі   т.б.өлеңдер  оқылды.

Қонақтардың құрметіне 5 сынып оқушысы Рамазан Жылыбай «Ерке сылқым» күйін, Думан Ерденов, Тоқтар Сейілхан «Ауылға сағыныш» өлеңдерін орындап берді.

Іс-шара соңында қонақтар өткізілген шараға разы болып, өз лебіздерін білдірді әрі осы мамандық жолына қалай келгендерін көрермендермен айтып бөлісіп, ол өте тартымды өтті.

Ержан ИМАШ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан алынды

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button