Қарағанды

Алғырлар жарысы

     Мектептің мерейлі 90 жылдығына және Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Білім саласының көрнекті қайраткері, ұстаздық ғұмырында 40 жыл мектеп директоры болған Нұрахмет ҚАЙЫРБАЕВТЫҢ туғанына 90 жыл толуына орай, математикадан дәстүрлі ІХ аймақтық олимпиада өтті.

Олимпиадаға құрметті қонақ ретінде Нұрахмет Қайырбайұлының отбасынан баласы Ғабиден Қайырбаев және келіні Жанна Қайырбаева қатысты. Мектеп директоры Қ.Илимбаев олимпиаданың негізгі мақсаты 4-9 сынып оқушыларынан дарындыларды іріктеу және мектепке тарту, математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім жүйесіндегі өзгерістер талабына сай дамыта оқыту әрі мектептің 90 жылдығына орай өткізілетін Қайырбаев атындағы республикалық олимпиада қатысушыларын дайындау екендігін атап өтті. Оның үстіне, келесі жылдан бастап математика, информатика, физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту көзделуде. Осыған байланысты жаңа өзгерістер бойынша мұғалімдеріміз толықтай дайындық курстарынан өтіп, сәйкестік деңгейлерін дәлелдеп шықты. Өткен оқу жылында облыстық білім басқармасының шешімімен Шет ауданының мектеп бітірушілеріне ҰБТ-ға дайындық сабақтарын өткізіп, одан бітірушілер жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Биыл Жаңаарқа ауданы мектептерінен келген 80 оқушыны ҰБТ-ға дайындау сабақтарын өткізіп жатырмыз. Мектептің 90 жылдығын алдағы оқу жылының бас кезінде өткізуді жоспарладық және облыс басшылығы, Білім және ғылым министрлігі қолдайды деген үміттеміз. Облыс бойынша «Математикалық сауаттылық» пәні бойынша алдын ала болған байқауда оқушыларымыздың білім деңгейі көтеріліп, екінші орыннан көрінді. Осы ретте Қайырбаевтың баласы Ғабиден, Е.Бөкетов атындағы математика факультетінің деканы Дәулет Алибаев сөйлеп, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.

Олимпиадада математика пәні бойынша облыс өңірлерінен төртінші сынып пен тоғызыншы сыныптың үш жүзге жуық есепке жүйрік мектеп оқушылары бас қосты.

Оқушылардың жұмысын бағалау үшін математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Танин, математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Д.Ахманова, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Т.Қашқынбеков, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Д.Алибиев қатысты.

Олимпиадаға облысымыздың 8 ауданынан, 5 қаласынан 300-ге тарта жас математиктер бағын сынады. Қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістерге байланысты олимпиаданың І турында қиын есептерге, ІІ турында «Математикалық сауаттылыққа» байланысты есептерге басымдылық берілді. Олимпиадаға қатысушылардан 60 оқушы алға шықты. 5 оқушы І орынды, 15 оқушы ІІ орынды, 20 оқушы ІІІ орынды иеленді, және 20 оқушы мақтау грамотасымен марапатталды. Жеңімпаздардың басым бөлігі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қаласы, Қарқаралы, Шет, Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандарын екенін атап өткен жөн.

Жүлдегерлерге мектеп директоры Қ.Илимбаев және қазылар алқасы дипломдар мен грамоталар табыстады. Диплом алған оқушылардың барлығына сыйлықтар берілді. Жақсы білім сапасын көрсеткен оқушылардың жетекшілері де ұйымдастыру комиссиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.Үзіліс кезінде үлкен кеш өтіп, мектеп туралы фильм көрсетіліп, мұражаймен таныстыру ұйымдастырылды.

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button