АймақБас тақырып
Алғашқы сайлаушылар дауыс берді
Әлихан Бөкейхан ауданының орталығы Майқұдықтың 15 ықшам ауданы №61 орта мектептегі №136 референдум учаскесіне алғашқы сайлаушылар дауыс берді.

Таңғы 7:00-де мұнда саулаушылар ағылып келе бастады. Алғашқы легі дауыс беріп үлгерді. Мұнда үш сайлау учаскесі орналасқан.
– Жалпы сайлаушылардың көңіл-күйі жақсы. Алғашқы саулаушыларға естелік сыйлық табыстадық. Біздің учаскеде 5 бақылаушы бар, заң бұзушылық орын алған жоқ. Дауыс беруге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай заң талаптарын сақтай отырып жасалды, – дейді мектеп директоры №136 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Амантай Согосбай.
Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz



