Теміртау қаласының Мәдениет үйі жанындағы «Арман дала» жазғы лагері қала балалары үшін алғашқы маусымын ашты. Оған 7-13 жас аралығындағы жеткіншектер таңертеңгі сағат 10:00-ден түскі 13:00-ге дейін тегін барып, қатыса алады.
Аталған Мәдениет үйі жастар бөлімінің басшысы Валентина Павлик осы орайда:
– Бұл бірінші маусымда біз 10 күн бойы балалардың шығармашылығын дамыт мен айналысамыз. Олар мұнда көркем шығармашылықпен, декоративті-қолданбалы өнермен, музыка, бимен және басқа да пайдалы іспен шұғылданады.
Қазір лагерьге күніне 22 бала келіп жүр. Жалпы, жаз уақытында бұл жазғы лагерьде 4 тақырыптық маусым өткізу жоспарланыпты. Валентина Павликтің айтуынша, келесі маусым «Медиа.БАҚ» бағытында ұйымдастырылып, ол бейнежазба әлеуметтік желіге әуес жас балғындар үшін қызықты болатын түрі бар.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz