Бас тақырыпСпорт
Алғашқы кездесуде жеңіліс тапты
Футболдан ел чемпионаты басталды. Қарағандылық «Шахтер» клубы алғашқы кездесуінде шымкеттік «Ордабасымен» ойнап, сырт алаңда 5:0 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы айналымда үш гол салынды. Алаң иелері сапынан 5-ші минутта – Игорь Пластун, 13-ші минутта – Шахбоз Умаров, 37-ші минутта – Жасур Яхшибоев көзге түсті.
Ал, екінші айналымның 60-шы минутында – Златан Шехович, 67-ші минутында – Сергей Малый есепті 5:0-ге жеткізді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz