Алғашқы болып дауыс берді
Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің тұрғыны Сералы Нұрланұлы алғашқы болып дауыс берді.
Таңмен таласа №474 сайлау учаскесіне келген ол Президент реформасына сәйкес халықтың әкімді сайлауда өздері таңдау маңызды екендігін жеткізді.
Кент тұрғынының айтуынша, мұнда ол учаске ашылмай тұрып келген.
– Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ауданымыздың болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – деді Сералы Нұрланұлы.
Нұрдос КӘРІМ.
АҚТОҒАЙ ауданы.