Бас тақырыпСпорт
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен Қазақстан еншісіне екі алтын медаль түсті.
Алғашқы алтынды әйелдер арасында қазақ күресінен 48 келі салмақта Айжан Жылқыбаева алды. Ол қарсыласы қырғызстандық Луиза Асакееваны айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Ал ерлер арасында Бекжан Төлепов 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалда қырғызстандық К.Оболбековтен басым түсіп, екінші алтынға қол жеткізді.
Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Видео: “Qazaqstan” ҰТ