Алғаш рет дауыс берді

Бүгін Приозерск қаласындағы №801 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған сайлаушы Жеңіс Құрбанов алғаш рет дауыс берді.

– Қаламыздың тұрғыны ретінде сайлаудың маңыздылығын түсініп дауыс беруге келдім. Бүгін өзімді жауапты тұлға ретінде сезіндім, – деді жас сайлаушы.

Ол еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтыны жайында пікірін білдіріп, алғаш рет сайлау бюллетенін алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды.

Өз тілшімізден. 

ПРИОЗЕРСК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.