Жаңалықтар

Алғаш дауыс бергендер саны артты

Әдеттегіше сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07.00-де әнұранмен ашылған болатын. Дарын мамандандырылған мектебінде орналасқан №84 сайлау учаскесінде 2 347 сайлаушы тіркелген. Оның 32-сі алғаш рет дауыс берушілер.

– Біздің сайлау учаскесінің бір ерекшелігі кәмелеттік жасқа толған алғаш дауыс берушілердің көптігі. Бұл ерекшелік маңайымызда жаңадан салынған үйге қоныстанушылардың есебінен жүзеге асып отыр. Сайлауға деген халықтың белсенділігі өте жоғары. Әсіресе, ардагерлеріміздің қатары көп, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы Ләззат Темірханова.

– Сайлау халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғамның кемелдену деңгейінің көрсеткіші. Ертеңін ойлайтын әрбір ел азаматы сайлауға дауыс беруге тиісті деп есептеймін. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай боп бір ауыздан бұл саяси науқанға үлес қостым. Бастысы, жеріміздің бүтіндігі, елімнің тыныштығы, – дейді зейнеткер Маркита Таханова.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button