АймақБұқар жырау

Ғабиден Мұстафин кентіндегі кітапханада электрондық кітаптарды оқу үшін GR-код жасалған

Ғабиден Мұстафин кентіндегі көпшілік кітапхана қызметкерлері “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында “Ел болып оқимыз: ” Жыл таңдауын бірге оқиық” деген тақырыпта осы елді мекеннің мекемелері мен дүкендерінде және көшеде кездескен адамдармен библиодесант жұмысын өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Олар алдымен жоғарыдағы акцияның маңызынан хабар берді. Яғни жыл сайынғы дәстүрмен “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті кезекті жыл кітабын таңдау нәтижесі бойынша 2026 жылы тарихтың қатпар-қатпар шындығын көркем сөзбен қайта тірілткен кемел қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің “Тағдыр” романы оқуға ұсынылғанын айтып, осы тақырыпқа сай жасалған жадынамаларды таратты.

Ал кітапхана библиографы осы акция бойынша электрондық кітаптарды оқу үшін GR-код жасалғаны және сонымен қатар кітаптарды kitap.kz мобильді қосымшадан оқуға болатынын да ескертіп, одан құлақтанған 26 адамның 15-і ересек және 11-жастар мен жасөспірімдер болды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button