Руханият

Актердің рухани әлемі

Жасындай жарқылдап қазақ киносы мен театрындағы қайталанбас образдарымен ел-жұртты елең еткізген актер Әнуар Молдабековтің туғанына биыл 85 жыл. Осыған орай Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Әнуар Молдабековтің өмірі мен өнер жолына арналған «Өнердің өз өкілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Оқырмандар кітапхана қорындағы дарынды актер туралы әдебиеттермен және мақалалармен танысты.

2007 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Әнуар Молдабеков: Ұлы актер» кітабында республикалық және одақ сыншыларының мақалалары мен талдаулары, сахна серіктестерінің ой-толғам, естеліктері берілген.

Бай фотомұрағат хас суреткер Әнуар Молдабеков бейнесін қайта жандандырғандай.

2012 жылы шыққан «фотоальбомда» 1960-1980 жылдардағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында саналуан спектакльдерде және «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» тағы басқа киностудияларда түсірілген киношығармалардағы дара тұлғаның фотобейнелері қамтылған. Кітапханаға келушілер назарына ұсынылған бұл көрмеден әр оқырман ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ өнерінің биігіне жарқ етіп көтерілген дара тұлғаның жарқын бейнесімен танысты.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button