Бас тақырыпЖаңалықтар

Академик Темірғали Көкетаевқа мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде қазақ ғылымы мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, академик, ұлт жанашыры Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевты еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті.

Суреттерді түсірген Гүлнар МАХАН

Шара аясында Темірғали Әбілдаұлы ұзақ жылдар бойы еңбек еткен оқу ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. Шараға облыстың облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің  Басқарма Төрағасы – Ректоры Нұрлан Дулатбеков және зиялы қауым өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Қатысушылар Темірғали Әбілдаұлының өмір жолынан сыр шертіп, оның адамдық болмысы мен ғылымға сіңірген еңбегін ерекше ілтипатпен еске алды.

Академик Темірғали Көкетаев – Оксфорд университетінде дәріс оқыған тұңғыш қазақ, тіл мен ұлт тағдырына айрықша жанашырлық танытқан, «Ғасыр адамы» атанған тұлға. Оның ғылыми еңбектері мен қоғамдық қызметі отандық білім беру мен ғылымның дамуына зор үлес қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мемориалдық тақта – академикке көрсетілген құрмет белгісі ғана емес, жас ғалымдар мен студенттер үшін өнеге мектебі болмақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button