Бас тақырып

Академик Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық банкі көрнекті ғалым-химик, академик Евней Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына орай коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бүгінде оның есімі Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне берілген.

Сурет Ұлттық банк

Жаңа монеталар «Елеулі оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында дайындалды. Номиналы – 200 теңге, жалпы тиражы – 5000 дана. 22 қыркүйектен бастап монеталарды Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Дизайнында ғалымның портреті бейнеленген. Монета мельхиор қорытпасынан (МН 25) жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм. Жасалу сапасы – brilliant uncirculated.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button