Бас тақырып

Айжан Аймағанова жаңа шенге ие болды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін таныла бастаған прокурор Айжан Аймағанова жаңа шенге ие болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет А.Аймағанованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Айжан Аймағанованың жаңа шенін жанкүйерлері Instagram парақшасына салған видеосынан аңғарған. Видеода прокуратурада жұмыс істеу қаншалықты қиын екенін түсіндірген.

Оқырмандары прокурордың подполковниктің («Әділет кеңесшісі» сыныптық шені) погоны бар киім кигенін байқап қалған. Кейін посттың астына жаңа лауазымымен құттықтап, жылы пікірлер қалдырған.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан еді. Ол кезде әділет майоры болған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button