Жаңалықтар

Қайырымдылықтың қайыры бар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің мүшелері қайырымдылық шарасына қатысты.

Нақтырақ айтсақ, Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының белсенді жастарымен бірлесіп, жалғызбасты қарияның ауласын қардан тазалады.

Қыстың көзі қырауда үйіне көмекке келіп, көргендігін танытқан ер-азаматтарға қария ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.
Қайырымдылық, ізгілік қасиеттерінің қазіргі техника дәуірінде жастардың бойынан табылуы көз қуантады. Өйткені, олардың «Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер» деген ұстанымы соңына ерген жасөспірімдерге үлгі болары сөзсіз.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button