Жаңалықтар

Қайырымдылық қанында бар

«Туған өлке» аталымының жеңімпазы Ерлан Әшім – Natige сүт фабрикасының және «220 вольт» фирмасының басшысы. Qasym баспасының негізін қалаушы, қазақ жазушыларының кітаптарын басып шығарумен қатар, әлемдік бестцеллерлерді қазақ тіліне аударумен айналысады. 2018 жылы облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегері атанды.

Кәсіпкер педагог мамандығына оқитын алты студентке стипендия тағайындап отырады.

Қарағанды қаласы мектептерінің кітапханалары мен санитарлық тораптарын жөндеуге демеушілік көрсетті. Қарағанды қаласының №41 гимназиясын қамқорлығына алып, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2012 жылдан Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың, №1 және №2 «Білім инновация лицейінің» оқушылары мен педагогтары Е.Әшімовтің демеушілігімен халықаралық олимпиадаларға қатысуда.

2018 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім ана тілім» атты қазақ тілінен халықаралық олимпиадаға қатысушыларға Қарлаг музейіне тегін экскурсия ұйымдастырды.

Індет кезінде Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарқаралы ауданындағы 10-нан астам аурухана қызметкерлерін 8 млн. теңге сомасына сүт өнімдерімен қамтамасыз етті. Қарағанды қаласының көшелерін (Абай көшесі) қайта атау бойынша жұмыстарға өз қаражатынан демеушілік көрсетті.

«Жыл тұлғасы» аталымының жеңімпазы Сәуле Шәуенова – «Ютария ltd» ЖШС компаниялар тобының құрылтайшысы, Бас директоры. 2017 жылдан 2019 жылға дейін кәмелетке толмаған балалары бар 7 көпбалалы отбасы 30 млн. теңгеден астам сомаға Жезқазған және Сәтбаев қалаларында пәтер алды.

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында жыл сайын «Ютария» компаниясы мектеп жасындағы балалары бар қызметкерлерге материалдық көмек көрсетеді. 2019 жылы мектепке дайындық барысында 67 көп балалы отбасыға материалдық көмек көрсетілді (сомасы 6 млн. теңге), сондай-ақ, әр балаға 25 000 теңгеден берілді.

2019 жылғы 1 қыркүйек қарсаңында Кеңгір кентінің 10 көп балалы отбасына 30 мың теңгеден конверт табыстады.

«Ютария ltd» компаниясы тұрақты түрде соғыс және тыл ардагерлеріне, жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға колледждегі оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсетеді. Жалғызбасты аналардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартуға көмек қолын созады. Кәсіпорын Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Соңғы уақыттағы ірі қайырымдылық жобалардың ішінде компания қызметкерлері үшін қызметтік үйді күрделі жөндеу мен жайластыруды атап өткен жөн. Ол жерде абаттандырылған инфрақұрылымы бар заманауи жағдайларда халықтың әлеуметтік осал топтары – зейнеткерлер мен мүгедектер тұрады. 2016 жылдан инвестиция 150 млн. теңгеден астам соманы құрады, Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлік, киім-кешек түрінде 1 500 000 теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

2018 жылы Жезқазған қаласындағы топтың қамқорлығымен өскелең ұрпаққа арналған «Жарқын ақыл» білім және даму орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта 3-16 жастағы балалар бағдарламалау және робототехника негіздерін тегін оқиды, даму студиясында білім алып, ағылшын және қазақ тілдерін үйренеді, түрлі шеберлік сабақтарына қатысады. Орталыққа құйылған инвестиция шамамен 50 млн. теңге. 2017 жылы Приречное кентінің 20 тұрғынына EXPO халықаралық көрмесіне сапар ұйымдастырып берді. Сондай-ақ, 2018 жылы Приречное кентіндегі мектептің IT сыныбын жөндеу және ашу үшін 1 млн. теңге аударды. 2019 жылы 2,5 млн. теңге сомасына кент тұрғындары мен балалары үшін спорттың ойын-кешені салынды.

Басқа материалдар

Back to top button