Жаңалықтар

Айыппұл емес, тəртіп – маңызды

Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Осакаров кентінде 2021 жылдың қазан айынан бастап, «Қауіпсіз қала» жобасы жұмыс істейді. Аталған жоба аясында 2726 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін тіркейтін 86 кешен іске қосылды.

Бақылау аумағында автомобиль трафигін тіркеуге жəне жылдамдық режимінің бұзылу белгілері мен оқиғаларды анықтауға арналған 70 аппараттық-бағдарламалық кешен бар. Сондай-ақ, бақылау аумағында автомобиль трафигін тіркеуге жəне жол қиылысындағы бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамай өту мен аялдама сызығына шығу ережелерін бұзу белгілеріндегі оқиғаларды анықтауға арналған 16 кешен жұмыс істейді.

Облыс аумағындағы қалаларда 2023 жылдың 5 айында жол-көлік оқиғалары саны 2022 жылғы сəйкес кезеңмен салыстыр ғанда 16,2%-ға төмендеді. Демек, қолға алынған жоба жемісін бере бастады.

Сондай-ақ, Абай, Шахтинск қалалары мен Шахан, Долинка жəне Северо-Западный кенттеріндегі бейнебақылау камералары бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесіне біріктірілді. Барлық бейнебақылау камералары Қарағанды қаласындағы жедел басқару орталығына шығарылды.

Биыл шілде айында жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша бейнебақылау камералары мен кешендерінің санын ұлғайту жоспарлануда.

Өйткені, мақсат – айыппұл салу емес, керісінше жұртшылықты жол жүру ережесін сақтауға баулу. Сонда, түрлі келеңсіз оқиғаның да азаятыны анық.

Жəлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button