Жаңалықтар

Айтыстың атасы – жетпістің жотасында

Кеншілер мәдениет сарайында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист, айтыстың атасы Жүрсін ЕРМАННЫҢ 70 жылдық мерейлі мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Аталған шараға Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбай, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов қатысты.

– Биыл менің жетпіске келген жылым еді. Жыл басынан бері жетпіс жылдық мерейтойым республика көлемінде тойланып жатыр. Шымкент, Орал, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қызылорда және Сәтбаев қалаларында айтыс өткізілді. Қызылордада шығармаларым бойынша спектакль қойылды. Қарағанды облысының басшылары шақырып, мерейтойыңызды туған жеріңізде атап өтейік деген соң, Қарағандыға табан тіреген жайымыз бар, – деді Жүрсін Молдашұлы.
Конференцияға қатысушылар Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, қазақ өнеріне қосқан зор еңбегін атап өтті.
Айта кетейік, 24 қараша күні сағ.16:00-де ақынның 70 жылдық мерейтойына байланысты әдеби-музыкалық кеші өтеді. Ал, 25 қарашада айтыс ұйымдастырылып, республикаға танымал айтыскер ақындар қатысады. Бас бәйге – автокөлік.

Басқа материалдар

Back to top button