АймақБас тақырып
Қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетіледі – облыс әкімі
Қарағандыда болған оқыс оқиғаға байланысты облысқа Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді. Шұғыл түрде брифинг өтуде.
– Біз кеше де, бүгін де көңіл айтып және жағдайларын бақылап барып қайттық. Облыс әкімдігінің тарапынан қайтыс болған баланың отбасына менің тапсырмаммен және отбасының өздерінің сұрауы бойынша көмек көрсетіледі. Ол көмек баланың мәйітін тасымалдауға байланысты. Баланың әкесі – жұмыс істейді. Анасы – жұмыссыз. Үйде тағы екі баласы бар, – деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz