Жаңалықтар

Айтулы күні алты бала дүниеге келді

Бүгін, 20 қараша – ҚР Президентінің сайлауы күні, сондай-ақ Дүниежүзілік балалар күні Қарағанды қаласында 6 бала дүниеге келді.

Осындай атаулы күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналары да қуанышты. Алты баланың анасы сәбилердің дәл осы күні дүние есігін ашқанын кездейсоқ емес деп ырымдап, жақсылыққа балап отыр.
Дүние есігін енді ашқан төрт ұл мен екі қыздың аман-есен ширап, болашақта ел дамуына үлес қосар айтулы азамат болуына тілектеспіз.

Салтанат ІЛИЯШ 

Басқа материалдар

Back to top button