Жаңалықтар

Айтса, айтқандай-ақ…

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген. Айқынды білгенімізге де алпыс жылға жуықтап қалыпты. Өмір болған соң әр түрлі жағдайлар бастан өтеді ғой. Сондай бір шақта үлкен жүректі азамат, марқұм Нұрмахан Оразбековтің «Айқынның көңілі судай тап-таза» дейтін сөзі ойымызға оралады. Айқын әлі күнге бізге сол қалпынша сыйлы. Өйткені, табиғатынан турашыл, әділеттің ақ жолынан таймаған Нұрмахан ағаның көңіл көзі үнемі ояу-ды. Кісі танитын. Сондығынан кесіп айтатын. Айқын сол Нұрекең айтқан Айқын қалпында қалды. Жетпіске келгенше адамгершілік ұстынын ұстап өтті. Әрі қарай әсірелей берсек, артық болуы мүмкін. Айқынның еңбек жолы белді басылымдар арқылы елге аян. Тағдыр бұйыртқан сүйікті ісін қалам ұшымен қабыстыра беруін, қатарымыздан қалыспауын тілейміз.

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, Серғазы ӘДЕКЕНОВ, ҚР ҰҒА академиктері. Жақсылық ЖҮНІСОВ, Арқалық қаласының Құрметті азаматы. Хауа РАХИМОВА, «ҚР Білім беру ісінің үздігі». Қадыр ИМАНБАЕВ, қоғам қайраткері. Ермек ОМАРОВ, Абылай ШҮЛЕНБАЕВ, өнер саңлақтары. Дауылбай ҚҰСАЙЫНОВ, Қайролла БЕКІШЕВ, Нұра ауданының Құрметті азаматтары. Аман ЖАНҒОЖИН, Бақберген АМАЛБЕК, Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ, Қазақстанның Құрметті журналистері. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен қаласы мен Зайсан ауданының Құрметті азаматы.

Басқа материалдар

Back to top button