Бас тақырыпМедицина

Қайтарылған активтер есебінен облыста медициналық пункт ашылды

Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен Шет ауданы Еңбекшіл ауылында медициналық пункт ашылды.

Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген.

Сонымен қатар, өңірде қайтарылған активтер есебінен Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүруде.

Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.

Жаңа медициналық нысандарды ашу бойынша жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 655 жобаның 540-ы жүзеге асырылды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button