Жаңалықтар

Айтар сын, тағар міні жоқ

Өңірдегі іргелі өндіріс-кәсіпорындар қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін мойнына зор жауапкершілік алғаны мәлім. Бұл міндеттемелерін іске асыру арқылы олар қарамағындағылардың әл-ауқатының, жағдайының жақсаруына ықпал етері даусыз. Қызметкерлер жағдайының жақсаруы – кәсіпорында жұмыс күшінің тұрақтап, оның өндіріс қуатының артуына бірден-бір себеп. Елге ісмерлігімен аян «Ютария ltd» өндірістік-инновациялық компаниясы» ЖШС асханалар желісін жөндеп, іске қосуда да тәжірибесі барын көрсетіп келеді.

Мәселен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында «Қазақмыс Холдингі» және оның мердігерлері қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында «Ютария ltd» өндірістік-инновациялық компаниясы» ЖШС-мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалған. Соның негізінде бүгінде бірнеше асхана жөндеу көрді. Талаптарға толық жауап беріп, қатарға қосылды.

Кешегі күні дәл сондай асхана Қарағанды қаласындағы Пришахтинск автобазасында есігін айқара ашты. Бұл – жаңа заманауи асхана. Аталмыш асхана – «Ютария ltd» серіктестігі жөндеуден өткізген бесінші асхана. Ал, Қарағанды облысындағы бірінші асхана.

Асхана – барлық талаптарға сай. «Ютария ltd» ӨИК» ЖШС-нің білікті мамандары жөндеу жұмысын межеленген уақытта мәреге жеткізді. Ең бастысы, сапалы. Компания демонтаждау, монтаждау жұмыстарын атқарумен қатар, сумен жабдықтау, кәріз, жылу жүйесін ауыстырды. Желдету жүйелерін орнатты. Жоғары технологиялық жабдықтарды іске қосты.

Асхананың ішкі қосалқы және негізгі үй-жайларын безендіруде қабырғаға, еденге озық қаптау материалдары қолданылды. Ыстық цехқа, кір жуатын бөлмелерге, қоймаларға және дәліздерге дыбыс реттегіш металл типтес төбелер орнатылды. Асханада жууға арналған аспалы төбелер, флуоресцентті Армстронг шамдары бар. Жөндеу жұмыстары өндірістік процесс бойынша тиісті деңгейде, санитарлық параметрлерге сай.

Жезқазған қаласындағы «Ютария ltd» ӨИК» ЖШС-нің жеке жабдықталған базасы бар. Алюминий және металл-пластикалық бұйымдарды жасайтын, электр және сантехникалық, желдету жөнінде мамандар, түрлі деңгейдегі құрылысшылар жетерлік. «Қазақмыстың» азық-түлік нысандарын нормалар мен бірыңғай стандартқа сәйкестендіру жөніндегі инвестициялық бағдарламасы 2021- 2024 жылдарға жоспарланса, биыл компания біраз жөндеу жұмысын сәтті өткерді. Атап айтсақ, 2022 жылы «Қазақмыс» корпорациясының бірқатар нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқарды. Оның ішінде, №1 Жезқазған кен-байыту комбинатының №1, 2, 3, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, «Қарашошақ» Жезқазған кен-туннельдік тресі, №67 «Батыс» кеніші, №65 Оңтүстік Жезқазған кеніші, Технология колледжі жанындағы асхана, Тау-кен жабдықтары зауыты.

Қазіргі таңда Жомарт кенішіндегі асханада, «Западный» кенішінің №73/75 шахтасында, Шығыс Жезқазған кенішіндегі №55 шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақмыс» корпорациясының жөндеу жұмыстарына жауапты «Ютария ltd» ӨИК» ЖШС компаниясы туралы пікірі түзу. Жұмыстарына айтар сын, тағар міні жоқ. Сонымен қатар, компанияның жаңа жылға да батыл жоспары бар екендігін атап өткен абзал. «Ютария ltd» алдағы жылы Қарағанды, Балқаш және Жезқазғандағы асханаларда жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. Тек жыл басынан бергі жасалған жұмыстардың өзі компанияның келешегі кемел екенін айқындап, өндірістегі өз орнын табуда толық мүмкіндік.

Жан АМАНТАЙ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button