Жаңалықтар

Айрықша қамқорлық үлгісі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деген жағымды жаңалықтан құлағдар болып, қуанышқа бөлендік. Бұл – өте маңызды шешім екендігі күмәнсіз.

Жағымды жаңалықтың дүйім елге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында жетуі қуанышымызды еселей түсті. Ел мүддесі үшін «етігімен су кешуге» әзір азаматтардың ерен ерліктері қашанда жұрттың жадында. Біз оларды қашанда қадір тұтып, ардақтауға міндеттіміз. Ал, сондай азаматтардың заң аясында түрлі жеңілдіктермен қамтамасыз етілуі – құптарлық іс. Бұл – айрықша қамқорлық үлгісі.

Ардагерлерге құрмет көрсету – қастерлі парыз, киелі міндет.

Бауыржан МЕЙІРХАНҰЛЫ,

«Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әскери бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button