Қайрат Нұртас қамауға алынды
Танымал әнші Қайрат Нұртасқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалып, сот отырысы онлайн өтті,-деп хабарлайды ortalyq.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Алматы-Астана» рейсінің бортында әнші мен жәбірленуші Асылжан Берікқалиевтің арасында жанжал туындаған. Бортсеріктер құқық бұзған екі азаматты ұстап, полицияға тапсырған.
Сотта екі тараптың уәжі айтылып, оқиғаның қалай болғаны белгілі болды. Әнші өзін жәбірленуші екенін мәлімдеп, судьядан айыппұл түріндегі жазаны сұрады.
– Екі жақтың бітімгершілігі негізінде іс жүргізу тоқтатылсын. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын ,- деді судья.
Бірақ Қайрат Нұртас 15 тәулік мерзімін тағы да қысқартуға мүмкіндік сұрады.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.