Бас тақырыпСпорт
«Қайрат» командасы «Реал Мадридпен» 30 қыркүйекте кездеседі
UEFA Чемпиондар лигасының 2025-26 маусымына арналған ойын кестесі жарияланды.


Алматылық «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында 30 қыркүйек күні Мадридтің «Реал» клубымен кездеседі. Матч Алматы қаласында жергілікті уақытпен 18:45-те басталады.
«Қайрат» алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді .18 қыркүйекте олар Португалияда «Спортинг» командасымен ойнайды.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 16 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 30 мамырда Будапештте өтетін финалмен аяқталады. Бұл ойында Еуропаның ең мықты клубтары үздік атағы үшін сынға түседі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА