Бас тақырыпЖаңалықтар
Қайрат Байбосынов – «Қазақстанның Еңбек Ері»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қазақтың дәстүрлі ән өнерінің жарық жұлдызы, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағын табыс етті.

«Бүгін ұлттық өнердің майталманы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Халқымыздың жан-дүниесін айшықтай көрсететін халық өнері әрдайым төрде болуы керек. Бұл марапат – әйгілі әншінің өлшеусіз еңбегі мен ұлттық өнерімізге деген ерекше құрметтің белгісі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.