«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды
Алматы қаласында 2025 жылғы маусымның Қазақстан Премьер-лигалары чемпионатының шешуші кездесуі өтті. Онда алматылық «Қайрат» пен астаналық «Астана» командалары кездесіп, лигадағы чемпиондық атақты анықтады деп хабарлайды Ortalyq.kz https://tengrinews.kz/ сайтына сілтеме жасап.

26-тур шеңберінде «Қайрат» өз алаңында «Астанамен» ойын өткізді. Матч барысында «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов есеп ашып, командасын алға шығарды.
Бірінші таймның қорытындысы – 0:1, алаңында «Қайрат» ұпай жоғалтқандай болды. Екінші тайм басталар алдында «Қайрат» бас бапкері қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына Эдмилсонды алға шығарды. 56-минутта шабуылшы Дастан Сатпаев есепті теңестіріп, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже «Қайратқа» чемпиондық атағын қорғап қалуға жеткілікті болды. Алматылықтар қатарынан екінші жыл ел чемпиондары атанып, клуб тарихындағы бесінші «алтын» жүлдесін жеңіп алды.
Жамал АКПАРОВА



