АймақЖаңалықтар

Аймақтың қылмыстық-атқару жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматы қолданылады

Жастарды облыстың қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге ынталандыру мақсатында Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында ҚАЖ мамандарымен түрлі форматта кездесулер ұйымдастырылуда. Абай қаласының мәдениет үйінде өткен басқосуда облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ерлан Апаханов қала жастарының алдында сөз сөйлеп, қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеудің тиімді тұстарына тоқталды.

Сурет: polisia.kz

Шараға 100-ден астам жергілікті жастар қатысты. ІІМ-нің Қостанай академиясында білім алғысы келетіндер үшін жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Бексұлтан Сүндет оқу орнында оқудың артықшылықтарына, сондай-ақ оқу толығымен тегін болатын қабылдау критерийлеріне тоқталды. Жиынға ҚАЖ басшыларының орынбасарлары қатысып, сотталғандармен жұмыс істеу, қоғамға қайта бейімдеу қағидаттары туралы айтып, мемлекетке қызмет етемін деген жастарды қолдау туралы да сөз болды.

Екінші жиын Шахтинск қаласында өтті. Мұнда 150-ден астам жергілікті тұрғындар, оның ішінде мектеп бітірушілер мен мектеп басшылары қатысты.

– Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Облыстың аудандары мен қалаларына жаңа сапарлар жоспарлануда. Басты айтарымыз – мамандықтың беделі мен сұранысы. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінің шамамен әрбір бесінші қызметкері – әйелдер», – деді тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлия Құсайынова.

Осы жүйеде қызмет атқарамын деген азаматтарға лайықты еңбекақы төленіп, қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілу мүмкіндігі, еңбек өтілін жеңілдету, тегін нысанды киім, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың берік пакеті бар екені түсіндірілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button