Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақтың мәдени өмірінде айтулы оқиғалар орын алды

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл аймақтың мәдени өмірінде айтулы оқиғалар орын алды.

Сурет С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрынан

Қарағанды облысының Үштөбе және Доскей ауылдарында 200 орындық жаңа ауылдық клубтар ашылды. Сонымен қатар өңірде мәдениет саласына қатысты 33 нысан жөндеуден өтті.

Қарағанды қаласында Мемлекеттік архив ғимараты мен Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестік қызметкерлеріне арналған жатақхана жаңартылды.

Облыста Тәттімбет атындағы IX республикалық конкурс, «Кукляндия» VII қуыршақ театрлары фестивалі, «Әуенді Сарыарқа» XXVI халықаралық музыкалық фестивалі және «DosStar» XIV ашық оперетта мен мюзикл фестивалі өтіп, театрларда 20 жаңа премьералық қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында реэкспозиция жұмыстары жалғасып, археологтар 2,5 мың жыл бұрынғы ерте сақ дәуіріне тиесілі бұзылмаған жерлеу орнын тапты.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button