Аймақтың игілігі мен сайлаушылардың мүддесі үшін
Қарағанды облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының екінші жұмыс жылы өз мәресіне жетті.
Бүгінгі таңда Қарағанды облыстық мәслихатының 36 депутаты өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда.
Сессиялар туралы
Мәслихаттың қызметі ашықтық және айқындық режимінде атқарылады.
Жұмысқа мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары ғана емес, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысады.
Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, облысты дамыту жоспарын және стратегиялық сипаттағы басқа да құжаттарды іске асыруға байланысты мәселелерді басты назарда ұстайды.
Сессия жергілікті өкілді орган қызметінің негізгі нысаны ретінде біздің жұмысымызда басты орын алады. Депутаттар сессияларда қарастырылып отырған мәселелер бойынша ұжымдық шешім қабылдау алаңына айналдыру үшін бар күш-жігерін салуда.
2024 жылы облыстық мәслихатта 10 сессия өткізілді, оның 6-уы кезектен тыс. 105 шешім қабылданды.
Депутаттар қаралатын мәселелер бойынша талқылауларға белсенді қатысады. Сессияларда депутаттар Қадиша Оспанова, Аян Әбдікәрімов, Бейбіт Досжанов, Игорь Жабяк, Мира Махатчина балама анықтамалармен сөз сөйледі.
14 мемлекеттік мекеме басшысының баяндамалары тыңдалды.
Сессияда депутаттар: 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің өзгерістері мен толықтыруларын бекітті; медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін анықтады; жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін; жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар автомобильмен тасымалдауға арналған тарифтерді; жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін; меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгіледі; «Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жай-күйі туралы: мәселелер және оларды шешу жолдары», «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, сұрыптаудың және кәдеге жаратудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға бағытталған шаралар туралы», «Суармалы жерлердің алаңдарын қалпына келтіру, ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселелерді қарады; зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алтын жас» бағдарламасын бекітті; Облыста жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына; Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларына; Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларына; Қалалар мен елдімекендердің аумағын абаттандыру қағидаларына; Елдімекендердің жасыл екпелерін құру, күтіп ұстау және қорғау қағидаларына өзгерістер енгізді; ауданаралық (облысішілік, қалааралық) қатынаста жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобильмен тасымалдауға арналған тарифтерін; азаматтық қызметшілер болып табылатын және оларға бюджет қаражаты есебінен 25%-дан кем емес лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін бекітті; амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін қосымша ұсынуды қолдады.
Сондай-ақ, депутаттар облыстық бюджеттің атқарылуы және облыстың 2023 жылғы даму жоспары туралы есептерді бекітті; алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті қабылдады.
Қарағанды мен Бұқар жырау ауданының шекараларын өзгерту, Қарағанды агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын бекіту сияқты маңызды жобалар бойынша мәселелерді қарады және шешімдер шығарды.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің мәслихат депутаттары алдындағы есептері туралы» Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айында депутаттық корпус облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін қарады.
Есепті талқылауда депутаттар Игорь Жабяк – АӨК субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру туралы, Михаил Коновалов – кәсіпкерлерді одан әрі қолдау қажеттілігі туралы, Ерден Халилин – спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша қабылданған барлық шешімдер облыстық мәслихаттың сайтында жарияланған.
Тұрақты комиссиялардың қызметі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады, олардың төрағалары мен мүшелері оның депутаттары арасынан сайланады. Бейінді комиссиялар сессияның күн тәртібі бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін сессияда тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге; олардың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қорытындылар беруге құқылы.
Тұрақты комиссиялардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылданады.
Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді:
Бюджет, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның (комиссия мүшелері – А.Б.Әбдікәрімов, Р.Қ.Әбдікеров, Б.Қ.Алтынбеков, М.А.Коновалов, Ж.Серікұлы, О.С.Нұрқазов, Г.С.Тоқсамбаев) назарында келесі мәселелер болды:
«Мемлекеттік кірістер департаментінің және салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі басқа да уәкілетті органдардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы»,
«Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында өңірлердің бюджеттік дербестігі және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы»,
«Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылы өткізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін қарау туралы»,
«Қарағанды облысында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы»,
«Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына (объектілер тізбесіне) мемлекеттік аудит объектілерін қосу туралы ұсыныстар енгізу туралы».
Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия мүшелері – С.М.Әдекенов, Е.Т.Әбілдин, И.В.Жабяк, И.В.Георгиади, А.Г.Куприенко, В.А.Шнель, В.П.Щетинин):
«Арнайы экономикалық аймақты және «SARAN» индустриялық аймағын дамыту туралы», «Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтау туралы», «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» сияқты мәселелерді қарады.
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары (комиссия мүшелері – Қ.Б.Оспанова, Е.Б.Халилин, М.Башай, А.Т.Есқалиева, А.Б.Жұмағұлов, Л.Т.Қожахметова, З.Х.Шалабаева) келесі төмендегі мәселелерді қарады:
«Зертханалық және жұқпалы аурулар бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ісі қызметінің проблемалары туралы»,
«ХҚКО, оның ішінде АХАЖ жұмысының тиімділігі туралы»,
«Қоғамдағы мәдениет деңгейі туралы. Идеология, дүниетаным мәселелері және оларды өзгерту жолдары»,
«Қарағанды облысының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Үкімет қаулысының іске асырылу барысы туралы»,
«Қазіргі әлемдегі дін. Проблемалық мәселелер және деструктивті ағымдармен жұмыс»,
«Нашақорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы».
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері (депутаттар – Б.С.Досжанов, Е.Б.Жүнісов, С-М.Т.Казитов, А.Е.Карин, А.В.Ляпунов, М.А.Махатчина, А.Л.Сокульский):
«Қарағанды облысының елдімекендерінде сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»,
«Қарағанды облысын газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы»,
«Қарағанды облысы бойынша байланыс, мобильді байланыс және цифрландыру жүйелерінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы»,
«Қарағанды облысы бойынша автомобиль жолдарын жөндеу жөніндегі істердің жай-күйі туралы»,
«Ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары туралы»,
«Қарағанды облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық туралы»,
«Жылу және электр энергиясына тариф белгілеу туралы» сұрақтарды қарау жөнінде бастама жасады.
Депутаттық өкілеттіктер, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (комиссия мүшелері – М.С.Әбілов, А.К.Калыков, А.Ж.Әлімжанов, А.Ж.Алпысбаев, А.Ж.Аманжолов, Е.М.Буслаев, А.Б.Оразбеков):
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою туралы»,
«Шомылу маусымының өтуі туралы»,
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы»,
«Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс туралы»,
«Қарағанды облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» мәселелерді қарады.
Сессиялық қызмет барысында облыстық бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қабылдар алдында тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқылау рәсімі өтті. Алдағы кезеңге арналған бюджетті жоспарлау мәселесі бойынша жұмыс мәслихатта 2 айға жуық жалғасты.
Депутаттар барлық облыстық басқармаларды тыңдады. Талқылаулар барысында бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау бойынша 39 ұсыныс пен ұсыным енгізілді. Сессия жұмысына тұрақты комиссия төрағаларымен қатар Рысқали Әбдікеров, Ермек Әбілдин, Арман Әлімжанов, Меруеш Башай, Евгений Буслаев, Елдос Жүнісов, Сейфул-Мәлік Қазитов, Абсалям Карин, Александр Куприенко, Мира Махатчина, Зара Шалабаева және басқа да депутаттар белсенді қатысты.
Есепті кезеңде 2024 жылға арналған қабылданған жұмыс жоспарларына сәйкес бейіндік комиссиялар 26 отырыс өткізді, оның қорытындысы бойынша 50-ден астам ұсынымдар қабылданды. Қаулылардың іске асырылуы бейінді комиссиялардың тұрақты бақылауында болады. Оларды іске асыру туралы толық ақпаратты тұрақты комиссиялардың төрағалары 2025 жылы бірінші кезекті сессияда ұсынатын болады.
Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен жұмыстың жаңа форматының арқасында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері жоғары өкілді органның бейіндік комитеттері жанындағы түрлі жұмыс топтарының құрамына енді. Депутаттар жыл бойы бюджет және салық кодекстерінің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің; балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі заң жобаларының; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қорғау; жұмыспен қамту; үкіметтік емес ұйымдардың қызметі; ойын бизнесі мен лотереяны реттеу; санитарлық қауіпсіздік; жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру және т.б. жобаларын талқылауға қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, облыс өңірлерін дамытудың өзекті мәселелері республикалық деңгейде қаралуда. Ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларында облыстық мәслихат депутаттары ҚР Парламенті депутаттарымен бірлесіп, өңірлерге барып, сайлаушылармен кездесті. Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша біз облысымыздың 61 өзекті мәселесін көтердік. Олардың ішінде – Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде, Ақтоғай ауылында, Шет ауданының Красная Поляна ауылында, Әлихан ауылында, Балқаш қаласының Шұбартүбек кентінде, Тораңғалық кентінде, Приозерск қаласында ТКШ объектілерін салуға (реконструкциялауға); Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында, Ботақара кентінде, Қушоқы кентінде, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында, Шет ауданының Нұра ауылы, Ақсу-Аюлы ауылында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салуға (реконструкциялауға); жолдар желісін дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жәрдемдесу туралы; сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне абаттандыру ережелерін бұзу бөлігінде, апаттық және апат алдындағы үйлердің қауіп-қатерін болдырмау мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі және басқа да мәселелер бар.
Облыстың қалалары мен аудандарының мәслихаттарымен бірлескен жұмысы
Облыстық мәслихат жұмысының тәжірибесіне өңірлердегі әріптестер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен бейінді комиссиялардың кеңейтілген отырыстарын өткізу енгізілді. Есепті кезеңде осындай 32 отырыс өткізілді, онда 50-ден астам мәселе қаралды.
Жоспарлы іс-шаралардан басқа, жергілікті жерлердегі ахуалды мониторингілеу үшін қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен бірлесіп, көшпелі кеңестер ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап, депутаттар күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқан 26 құрылыс нысандарының жай-күйімен танысты.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және кәдеге жаратуды ұйымдастырумен танысу мақсатында депутаттар 18 көрсетілетін қызметті берушілердің кәсіпорны мен ҚТҚ полигондарын аралады. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жай-күйін зерделеу үшін депутаттар 120 білім беру объектісіне барды. 15 елдімекенде Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізілді. Осы жылы жұмыс топтарының 36-дан астам сапары ұйымдастырылды.
Олардың жұмыс қорытындысы бойынша 87 ұсыныс әзірленді. Жергілікті атқарушы органдардың қарауын талап ететін барлық мәселелер облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне жеткізілді.
Қарағанды облысының әкімдігімен өзара іс-қимылы
Облыстық мәслихат өз өкілеттігін Қарағанды облысының әкімдігімен тығыз байланыста жүзеге асырады. Тар салалық мәселелерді шешу үшін біз үш жылдық кешенді даму жоспарларын қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгіздік.
Облыстық басқармалармен бірлесіп білім беру, денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді жүйелі шешу жөніндегі іс-шаралардың перспективалық жоспарлары әзірленуде, олардың аясында білім беру объектілерін күрделі жөндеуге; қажетті жабдықтарды сатып алу және бірнеше ауруханалардың корпустарын жаңартуға; медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қаражат бағытталатын болады. Депутаттық корпустың бастамасы бойынша көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары; білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда.
2024 жылы орталық мемлекеттік органдарға өзекті мәселелер бойынша 10 ұсыныс енгізілді, Қазақстан Республикасының Парламентіне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, салық салу, ТжКБ ұйымдарының қызметін жетілдіру, балаларға паллиативтік көмек көрсету, құқық қорғау органдары қызметкерлерін медициналық қамтамасыз етуді қолдау, жеке тұлғаларды құжаттандыру және басқа да мәселелер бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы 16 өтініш жолданды.
Депутаттық өтініштер жолдау құқығы белсенді қолданылады. Атқарушы органдарға ТКШ және абаттандыру, әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу, кәсіпкерлікті субсидиялау, цифрландыру, медициналық оқу орындарына гранттар бөлу және басқа да мәселелер бойынша 239 депутаттық өтініш жолданды.
Депутаттар өздерінің тікелей өкілеттіктерін орындаудан басқа облыс әкімі жанындағы 16 түрлі консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының құрамына кіреді. Биыл облыстық бюджет комиссиясының құрамына облыстық мәслихат депутаттары да кірді.
Азаматтарды жеке қабылдау және сайлаушылармен кездесу
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмыс біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Есепті кезеңде облыстық мәслихат депутаттары 1270 сайлаушыны қабылдады. Келіп түскен өтініштердің жартысынан көбі оң шешілді, қалғандары бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Мұндай қабылдаулар әрбір облыс тұрғынының қажеттіліктері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды заңды түрде қорғауға және көмек көрсетуге бағытталған.
8-ші шақырылым жұмысының басынан бастап сессиялық мәселелерді қарау, өңірлерге шығу қорытындылары бойынша сайлаушылардың мәселелерін шешу мақсатында біз таяу және орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін 119 мәселенің пулын анықтадық.
2 жылдық депутаттық қызмет барысында бастамалардың 37% іске асырылды. Спорт, білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне жөндеу және қосымша жарақтандыру жүргізілді, әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша тасымалдарды субсидиялау көлемі ұлғайтылды, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ұлғайтылды, ауылда пәндік сыныптардың жұмыс істеуіне қаржыландыру кезең-кезеңімен ұлғайтылуда. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қаражат бөлуді талап ететін шешілмеген мәселелер қалып отыр. Біз оларды толық шешімін тапқанға дейін бақылауда ұстаймыз.
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия депутаттарының бастамасы бойынша атқарушы органдар, ЖОО, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар өткізілді. Оларды өткізу қорытындысы бойынша осы саладағы мәселелердің кең ауқымын қамтитын 23 ұсыныс жиналды.
Депутаттар қоғамдық іс-шараларға және қайырымдылық акцияларына үнемі белсенді қатысады.
Депутаттық корпус көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, паралимпиада ойындарының жас спортшыларына үнемі көмек көрсетеді. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен көрші облыстардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді. Ағымдағы оқу жылының алдында жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деп атап өтті.
Осыған байланысты, облыстық мәслихат та күш-жігерді қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетуге бағыттайды. Облыста жыл сайын өмірдің түрлі салаларындағы үздік қызметкерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығы артып келеді. Биыл түрлі ұйымдардың 43 қызметкері облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.
Мерейтойлық жыл
Биылғы жылдың маңызды оқиғасы – Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуы. Мерейтойлық датаға орай облыстық мәслихат депутаттары бірқатар әлеуметтік, мәдени, спорттық, экологиялық іс-шаралар өткізді.
Зияткерлік ойындарды насихаттау мақсатында Парламент Сенатының қолдауымен «Senat Open» шахмат турнирі, тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өткізілді.
Депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
«Дәстүр» қолөнершілерге арналған этно-мәдени орталық ашылды.
Балаларға паллиативтік көмек көрсету, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін оқыту тренингі өткізілді. Ауылдық жерлерде балалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
«Бочча» инклюзивті спорт түрінен турнирлер өтті. Қарттар үйінде және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді.
Депутаттар Мемлекет басшысының бастамасымен қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысты. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттарымен бірлесіп Кеншілер даңғылындағы саябақта қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.
Облыстық мәслихаттың қалыптасу және даму тарихы туралы бейнематериал шығарылды. Депутаттық корпус ардагерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының және қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бірқатар депутаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық мәслихат жанында «Аmаnat» партиясының депутаттық фракциясы жұмыс істейді. Депутаттардың ұсынысы бойынша «Бірлік» депутаттық тобы құрылды, оның қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Парламентімен және барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталатын болады.
Осылайша, біз барлық мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен сындарлы ынтымақтастық курсын дәйекті түрде жүргізіп келеміз.
Жергілікті өкілді органдардың басты мақсаты – өңір халқының жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау, облыстық мәслихаттың жұмысы осыған негізделген.
Өкілді және атқарушы органдардың үйлесімді жұмысы, өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі, ортақ мақсаттарға нақты көзқарас алдағы уақытта да өзекті мәселелерді шешуге және облысымыздың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.