Жаңалықтар

Аймақтың бас басылымына QR-код арқылы жазылу жалғасуда

Құрметті оқырман! Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетіне 2026 жылға жазылу науқаны жалғасуда. Газетке «Kaspi.kz» қосымшасының QR-коды арқылы жазылу мүмкіндігі бар екенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Дәл қазірден бастап сіз үйден шықпай-ақ ұялы телефоныңыздың kaspi.kz қосымшасындағы QR-код арқылы төлем жасап, сүйікті басылымыңызға 3 айға немесе жарты жылға жазыла аласыз. Ол үшін суреттегі кодты енгізіп, жазылу кезеңі (үш ай немесе жарты жыл) мен мекенжай бағанын толтырасыз да, Сізге автоматты түрде ұсынылған соманы төлейсіз.

Бұл мүмкіндік тек жеке жазылушылар үшін ғана екенін естеріңізге саламыз! 

Ғасырға жуық тарихы бар басылыммен 2026 жылда да бірге болыңыздар!

Басқа материалдар

Back to top button