Бас тақырып

Аймақтың бас басылымдарына QR-код арқылы жазылу жалғасуда

«Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне «Kaspi.kz» қосымшасының QR-коды арқылы жазылу мүмкіндігі бар екенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. 

Дәл қазірден бастап сіз үйден шықпай-ақ ұялы телефоныңыздың kaspi.kz қосымшасындағы QR-код арқылы төлем жасап, сүйікті басылымыңызға 3 айға немесе жарты жылға жазыла аласыз. Ол үшін суреттегі кодты енгізіп, жазылу кезеңі (үш ай немесе жарты жыл) мен мекенжай бағанын толтырасыз да, Сізге автоматты түрде ұсынылған соманы төлейсіз.

Бұл мүмкіндік тек жеке жазылушылар үшін ғана екенін естеріңізге саламыз! Сондай-ақ, QR-код арқылы жазылушылар үшін қала, ауыл тұрғындарына бірыңғай баға (3 айға – 1538 теңге, 6 айға – 3074,60 теңге) ұсынылады.

Ғасырға жуық тарихы бар басылыммен 2025 жылда да бірге болыңыздар!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button