Бас тақырып

Аймақта жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 59 жағдайы анықталды

Биылғы жылдың басынан бері қызылшаның зертханалық расталған 842 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылардың басым бөлігі Қарағанды, Шахтинск қаласы мен Ақтоғай, Қарқаралы және Нұра ауданының тұрғындары. Ауырғандардың 82%-ы – вакцинация алмағандар. Сонымен қатар, жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 59 жағдайы анықталған.

Сурет: trt.net.tr сайтынан

Бүгінгі таңда аймақта қосымша жаппай иммундау шеңберінде 60 172 адам екпе алған. Оның 4 790-ы – 6-11 ай аралығындағы, 36 036-сы – 2 -ден 4 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 14 822 адам вакцинацияланды.

– Қаңтар айында коронавирустық инфекцияның 19 жағдайы тіркелді. Ал, ақпанның 1-і мен 27-сі аралығында коронавирус инфекциясының 40 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері облыста ЖРВИ ауруының 79 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың екі есе өсуі байқалады. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін (61%) 14 жасқа дейінгі балалар құрады.

Ағымдағы эпидемиялық маусымда өткен жылдың қараша айынан бастап тұмаудың тіркелуі байқалады. Облыстағы зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері тұмау вирустары бар 80 жағдай анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 41 жағдай (51%), қалған 49% ересектер арасында тіркеліп 39 жағдайды құрады, – деді облыстық санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Деректерге сүйенсек, тұмау жағдайлары Приозерск қаласын қоспағанда, облыстың барлық дерлік аумақтарында тіркелген.

– Эпидемиялық маусымда оқушылар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық – 16% құрады. Оның ішінде 19 оқушы тұмаумен ауырды. Департамент ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау мақсатында ЖРВИ мен тұмауға апта сайынғы мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында сырқаттанушылықтың апта сайынғы бақылау деңгейінен асып кетуі, оның ішінде оқушылар арасында 20%-дан асатын сырқаттанушылық тіркелмеген, орта есеппен алғанда мектеп оқушылары арасында сырқаттанушылық 5-тен 13%-ға дейін, осыған байланысты шектеу іс-шаралары енгізілмеген.

Сонымен қатар, Департамент тұмау емес вирустардың айналымына мониторинг жүргізеді, осы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ белгілері бар науқастардан 1184 үлгі сыналды, тұмаусыз вирустардың үлес салмағы зерттелген сынамалардың жалпы санының 30% құрап, олардар риновирус, аденовирус, РС-вирус және басқалары анықталды, – деді Гүлжан Байғұтанова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button