Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақта жыл басынан бері екі бала терезеден құлап кеткен

Қарағанды мен Балқаш қаласында 2021 және 2024 жылы туған екі сәби терезеден құлап кеткен. Екі оқиға да балалар ата-анасының қарауынсыз қалған кезде орын алған.

Сурет: yar.mk.ru

Бірінші оқиға 18 наурыз күні Қарағандының 13-ші шағын ауданында болған. Төрт жастағы бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан терезеден құлап кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала көптеген дене жарақаттарымен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған.

Екінші жағдай 4 сәуірде Балқаш қаласында болған. Бір жастағы сәби үш қабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Денсаулық сақтау басқармасы сәбидің әлі ауруханада ем алып жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауының 24 оқиғасы тіркелген болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button